Қазақстандықтарды 450 миллион теңгеге алдаған азамат ұсталды, деп хабарлайды “Адырна”.
Астанада қаржы пирамидасын құрды деген азамат ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі ресми хабарлады:
«Ол жалған тұрғын үй сатып алу бағдарламасын жасап, клиенттермен келісім-шарттар жасады. Оның шарты бойынша 300 000 теңгеден 5 000 000 теңгеге дейін инвестиция салынды, тұрғын үйді алу үшін күту мерзімі 30-дан 60 пайызға дейін артық төлеммен 6 айдан 10 айға дейін көрсетілген».