Қырғызстан басшысының інісі құрыққа түсті. Бішкектің 1-тергеу изоляторында 32 жасар Ұлан Жапаров қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бішкекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың туысы Ұлан Жапаров ұсталды. "Алдын ала мәліметтер бойынша қылмыстық іс ҚК-нің "Сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша қозғалған. Істі ІІМ тергеу қызметі тергеп жатыр", - деп хабарлады редакция.⠀
Negekz-тің хабарлауынша, Бішкектің Первомай аудандық соты У.Ж. есімді азамат сот қаулысымен 26 шілдеге дейін қамауға алынғанын растады.
Редакция дереккөздерінің мәліметінше, Ұлан Жапаров Садыр Жапаровтың немере ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.
"Адырна" ұлттық порталы