Бүгін - Астана күні. Бұл мереке бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 6 мамырындағы жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілуіне байланысты 10 маусымда аталып өтетін.
Ал 2008 жылдан бері мереке Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне – шілденің 6-сына ауыстырылып, Қазақстанда мемлекеттік мереке болып жарияланды. Осылайша «Мерекелер туралы» заңға енгізілген түзетулерден соң 2009 жылдан бастап шілденің 6-сы мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп келеді.
“Адырна” ұлттық порталы барша қазақстандықтарды Астана күні мерекесімен құттықтайды!
Ұқсас жаңалықтар
Желіде Мемлекет басшысының суретімен әрбір адамға қомақты қаржы берілетіні туралы жалған ақпарат тарады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаржылық тәртіп пен әлеуметтік әділеттілікке бағытталған саясаты: экономист көзқарасы
