"Осындай күйге сендер жеткіздіңдер". Саакашвилидің "адам шошырлық" келбеті талқыға түсті

1979
Adyrna.kz Telegram

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили ақпан айынан бері алғаш рет клиникадан бейнебайланыс арқылы сот отырысына қатысты. Бұрынғы мемлекет басшысының түрін көпшілік талқыға салды, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Тікелей эфирдегі скриншоттарды саясаткердің бұрынғы баспасөз хатшысы Дарья Чиж Facebook парақшасында жариялады.

Саакашвили ауруханада жатып қаншалықты арықтағанын тағы бір көрсетті.
Сот отырысында Саакашвили Грузия парламентінің спикері Шалва Папуашвилидің үшінші президенттің еуропалық жақтастары грузин халқынан кешірім сұрауы керек деген мәлімдемесі жайлы ой білдірді. Папуашвилидің айтуынша, Грузияны Михаил Саакашвилидің грузиндік және шетелдік достары тәртіпсіздік туғызу үшін құрбан еткен.

"Еуропалық парламент мені босатуды талап еткені үшін кешірім сұрауы керек екен. Мен парламенттің президенті деп аталатын адамға айтқым келеді: мені осы күйге жеткізгеніңіз үшін кешірім сұраңыз, Еуропарламент депутаттарынан, менің отбасымнан кешірім сұрауыңыз керек. Менен, Украина мемлекетінен және барлық грузин халқынан, грузин мемлекетінің негізін қалаушының осындай күйге жеткізгеніңіз үшін кешірім сұрауыңыз тиіс. Папуашвили, маған мұқият қара», - деді Саакашвили сотта.

Саясаткер ауруханада жатып қандай халге түскенін, қалай арықтап кеткенін тағы бір көрсетті. Қазір қамаудағы экс-президенттің салмағы қанша екені айтылмаған, бірақ Чиж қыста оның салмағы 69 келі екенін жазған. Сот процесі басталмас бұры Саакашвилидің салмағы 120 келі болған.

Саясаткердің қазіргі келбеті туралы суретті жергілікті Mtavari ресурсы да жариялады.

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили ақпан айынан бері алғаш рет клиникадан бейнебайланыс арқылы сот отырысына қатысты. Бұрынғы мемлекет басшысының түрін көпшілік талқыға салды, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Тікелей эфирдегі скриншоттарды саясаткердің бұрынғы баспасөз хатшысы Дарья Чиж Facebook парақшасында жариялады.

Саакашвили ауруханада жатып қаншалықты арықтағанын тағы бір көрсетті. Сот отырысында Саакашвили Грузия парламентінің спикері Шалва Папуашвилидің үшінші президенттің еуропалық жақтастары грузин халқынан кешірім сұрауы керек деген мәлімдемесі жайлы ой білдірді. Папуашвилидің айтуынша, Грузияны Михаил Саакашвилидің грузиндік және шетелдік достары тәртіпсіздік туғызу үшін құрбан еткен.

"Еуропалық парламент мені босатуды талап еткені үшін кешірім сұрауы керек екен. Мен парламенттің президенті деп аталатын адамға айтқым келеді: мені осы күйге жеткізгеніңіз үшін кешірім сұраңыз, Еуропарламент депутаттарынан, менің отбасымнан кешірім сұрауыңыз керек. Менен, Украина мемлекетінен және барлық грузин халқынан, грузин мемлекетінің негізін қалаушының осындай күйге жеткізгеніңіз үшін кешірім сұрауыңыз тиіс. Папуашвили, маған мұқият қара», - деді Саакашвили сотта.

Саясаткер ауруханада жатып қандай халге түскенін, қалай арықтап кеткенін тағы бір көрсетті. Қазір қамаудағы экс-президенттің салмағы қанша екені айтылмаған, бірақ Чиж қыста оның салмағы 69 келі екенін жазған. Сот процесі басталмас бұры Саакашвилидің салмағы 120 келі болған.

Саясаткердің қазіргі келбеті туралы суретті жергілікті Mtavari ресурсы да жариялады.

Саакашвили Украина азаматы болып табылады.  Украина президенті Владимир Зеленский Саакашвилидің жағдайына наразылығын білдірді.

«Бүгін мен Сыртқы істер министрлігіне Грузияның Украинадағы елшісін шақыруды, оған қатаң наразылық білдіруді және 48 сағат ішінде Украинадан кетуді тапсырдым», - деді Зеленский.

Ол серіктестерінен оның жағдайын назардан тыс қалдырмауды өтінді.

Еске сала кетейік, Грузияда Михаил Саакашвилиге қатысты бес қылмыстық іс қозғалған болатын. 2018 жылы Грузияның экс-президенті өз елінде сырттай алты жылға бас бостандығынан айырылды. 2021 жылғы жергілікті сайлау қарсаңында Саакашвили Грузияға келіп, сол жерде бірден ұсталып, түрмеге қамалды. Осыдан кейін саясаткер аштық жариялап, өзін «саяси тұтқын» деп атады. Кейіннен Саакашвилиге қатысты Грузия шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін жаңа іс қозғалды.

2021 жылдың қазан айында Михаил Саакашвили түрмеде отырып аштық жариялады, ол 50 күн бойы нәр татпай, артынша оны оңалту үшін Горидегі әскери госпитальға жеткізілгеннен кейін ғана аштығын тоқтатты. Алайда 2022 жылдың 21 ақпанында түрмеге оралғаннан кейін саясаткер тағы 20 күнге созылған аштық жариялады. 2022 жылдың 12 мамырында денсаулығының нашарлауына байланысты ол түрмеден Тбилиси маңындағы жеке емханаға ауыстырылып, жеке палатада ұсталды. Осы жылдың наурыз айында Саакашвили түрмеден ауыстырылған ауруханада «өлімнің аузында тұрғанын» айтқан.

Пікірлер