Жасыл ала киінгендер. “Алтынордада” не болып жатыр?

5197
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Алматыдағы "Алтынорда" базарына белгісіз біреулердің шабуылдағаны жайлы мәлімет тарады. Бұл туралы желіде видео пайда болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Көбі бетін бүркемелеп, үстеріне камуфляж түсті киім киген ондаған адам базардағы нысандарды сындырған.

Әзірге бұл туралы ресми мәлімет жарияланмады. Әлеуметтік желіде қолданушылар нақты мәліметтің жоғын айтып шағынып жатыр.

Видеода өзін баспасөз қызметінің өкілі деп таныстырған әйел белгісіз біреулер өзін жаңа күзет деп таныстырып, базарды басып алғанын айтады. 

Бұл адамдардың әрекеті басып алу деп бағаланып отыр. Ешқандай түсініксіз, ештеңе түсіндірмей басып алған, - дейді видеодағы әйел.

Алтын орда базарының баспасөз қызметі өкілдері бұл ақпаратты растады. Бұл туралы Massaget.kz сайты жариялады.

Базарда түсініксіз жайттар болып жатыр. Басып алған. Олар күзетшілердің отыратын жерін қиратып тастады. Белгісіз күзет қызметі тіпті аула сыпырушылардың кеңсесін басып алған, - дейді базар өкілі.

 

Пікірлер