Стоп, соғыс! Ресейлік әншінің концерті өтпейтін болды

3604
Adyrna.kz Telegram

“Қонаев қаласында Григорий Лепстің концерті өтпейтін болды”, деп хабарлайды “Адырна”.

Бірнеше уақыт бұрын Қонаевта ресейлік әншінің ән кеші өтетінін бүкіл БАҚ өкілдері жарыса жазған еді. Алайда жергілікті әкімдіктің сөзінше концерт өткізуге арналған Macao Luxury Village Resort іс-шара ұйымдастырушысымен келісімшартты бұзды.

Компанияның хабарлауынша, шешім біржақты тәртіпте қабылданып отыр. Билет алып қойған бұқара ақшасын алған жерден қайтарып ала алады.

Лепс 8 шілдеде Қонаев казиносының бірінде өнер көрсетуді жоспарлаған еді. Концерттегі 1 билеттің құны  50 мың теңгеден басталатыны хабарланған. Ең қымбат билеттер 1 миллион теңгеге бағаланған.

Пікірлер