Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды

2756
Adyrna.kz Telegram

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалиақпаров пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу шарты арқылы орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары ұсталды. Ол кәсіпкерден пара алды деп күдіктеліп отыр»,—деді Антикор.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Пікірлер