Полиция: Астанада әйел баласымен бірге 12-қабаттан құлап кетті

4588
Adyrna.kz Telegram

Елордада әйел баласымен бірге 12-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 9 маусымда сағат 14:19-да болған.

«102» нөміріне Сығанақ көшесінде 12-қабаттың терезесінен бала мен әйел құлағаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетті. Әйел алған жарақатынан сол жерде көз жұмған, ал бала ауруханада қайтыс болды»,—деді басқарма.

Дерек бойынша соталды тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеп-тексеру мүддесі үшін соталды тергеп-тексерудің өзге де деректері жарияланбайды.

Пікірлер