396 млн теңге! Тергеуден соң «Қазселденқорғау» басшыларының кәсіпкерлерден алған парасы жарияланды

1959
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

«Қазселденқорғау» басшылары кәсіпкерлерден 396 млн теңге пара алған. Бұл туралы Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазселденқорғау» басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Антикор мәліметіне сәйкес, олар орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 млн теңгеге ірі және аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталды.

Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауда отыр. Қылмыстық іс ҚР ҚПК 300-бабы тәртібінде сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін Алматы облысының прокуратурасына берілді.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Пікірлер