Қазақстанда көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметі уақытша тоқтатылды

1986
Adyrna.kz Telegram

Автокөліктерді тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру қызметі техникалық ақауларға байланысты уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

"Техникалық ақауларға байланысты мамандандырылған ХҚКО мен әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімшелерінде көлік құралын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша қызметтер уақытша тоқтатылды", - деді комитеттегілер. Ведомство өкілдері осы қолайсыздық үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Пікірлер