СҚО-да орысша білім алатын оқушы саны қазақша оқитындардан төрт есе көп

3490
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысына «Шағын жинақталған мектептер: білім сапасы, педагог кадрлардың тапшылығын шешу және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру жобалары туралы» мәселесі бойынша көшпелі отырыс өтті. Шарада аймақтағы орыс және қазақ тілді мектептер саны аталды, деп жазады, "Адырна" порталы. Бұл туралы журналист-депутат Нартай Аралбайұлы өзінің Instagram желісіндегі жазбасында бөлісті. 

Солтүстік өңірдегі қазақша білім алатын жастар саны, орыстілді мектепке оқитындардан төрт есе аз. Ал мектептер саны бойынша, орыс мектебі екі есе озып тұр.

Нартай Аралбайұлының жазған  дерегі бойынша:

"Құзырлы орындардан бізге берілген ресми деректер: Солтүстік Қазақстан облысында 454 мектеп бар. Соның  112 -сі -  қазақ мектебі, 246 -сы - орыс мектебі, ал аралас мектеп саны - 96. Солтүстік Қазақстан облысында 72360 оқушы бар. Оның ішінде тек 18447 оқушы қазақ тілінде білім алады" деп жазды ол.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер