Бибосынов әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жектен жеңіліс тапты

4479
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/izobrazhenie_2023-05-07_163626408.png
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов 2023 жылы Ташкентте өтетін әлем чемпионатының алғашқы жекпе-жегінде жеңілді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 51 келіге дейінгі салмақта 1/16 финал кезеңінде ол үндістандық Дипак Кумарға қарсы шықты. Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің  шешімі бойынша қазақстандықтың жеңілуімен аяқталды. Еске салайық, Бибосынов 2021 жылғы әлем чемпионы. Сондай-ақ 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер