Беретін ақшаларыңды, итке сүйек тастағандай қылып бермей, етімен берсеңдерші!
Беретіндерің 21 мың ақ теңге, "анау алады, мынау алмайды"- деп ән айтып біттіңдер ме?
Енді тыңдар мені!
Бересіздер ме? Бәріне беріңіздер алаламай!
Әр балаға миллиондап сұрап отырған жоқпыз арабтар сияқты!
Он сегіз миллион халықтың бәріне, айына 21 мың теңге мемлекет тарапынан беріп тұрсаңдар жарасады!
500 мың теңгеге Шаналь манель киетін үкіметке 21 мың теңге кәдімгідей жыр болды ау!
Халыққа беретін кезде туатын әйелдер сияқты толғақтарың ұстап әрең бересіңдер! Ал өздеріңнің миллиондап жеп жатқандарыңмен жұмыстарың жоқ!
Айгүл Орынбек