Спортшысы [Алексей Полторанин] допинг қолданғанын мойындаса да, билігі тып-тыныш отыра береді. Допинг басына шоқпар болып тисе де, әлі күресті бастамайды. Спортшысы [Полторанин] мемлекет ақшасын он жыл бойы шашады, ұлттық құрамадан жеке дайындалады, сөйте тұра допинг сатып алады. (Неміс дәрігері қанына допингті тегін араластырып бермеген болар).
Ал мына жақта Қазақстан шаңғы федерациясы үнсіз. Министрлігі "тәжірибесі мол халықаралық адвокат жалдаған". Спорт комитеті "Еуропадан хабар күтіп отырады".
Шаңғышы Алексей Полторанин Пхенчханда медаль алмағаны Қазақстан үшін абырой болған. 1 наурызда Халықаралық шаңғы федерациясы Алексей Полторанинді "жарыстарда алаяқтық жасады" деп айыптап, спорттан уақытша шеттетті. Бірнеше айдан кейін "уақытша" деген сөзді "өмір бақи" деген сөзге ауыстыра саласыздар ғой.
P.S. "Пекин мен Лондон олимпиадасында да ауыр атлеттеріңіз допинг қолданған, дәлел міне" деп тұрса да, "Батыстың саясаты" деп отыра берді. Спортшыларының ешқайсысы баспасөз мәслихатын өткізіп, халықтан кешірім сұраған жоқ. Қайта оралып, әлемге бірдеме дәлелдеуге тырысып жатыр.