Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті

992
Adyrna.kz Telegram
www.gov.kz
www.gov.kz

Ағымдағы жылдың 31 наурызында сағат 9.00-де Алматы облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Арыслан Момышұлы Дәндібаевтың төрағалығымен жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде "Отбасының цифрлық картасы "ақпараттық жүйесіндегі деректерді өзектендіру туралы" сұрақ қарастырылды.

Отырысқа жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері қатысты, ішкі саясат, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, цифрлық технологиялар басқармаларының, мемлекеттік кірістер департаментінің, полицияның басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары және басқа да шақырылған тұлғалар шақырылды.

Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ахметова Айгүл Мананова сөз сөйледі.Осы мәселе бойынша білім басқармасы да тыңдалды.

Отырыс барысында "Отбасының ақпараттық картасы"АЖ-да деректерді өзектендіруге қатысты жұмыстарды жандандыру бойынша ұсыныстар әзірленді. Облыс әкімінің орынбасары деректерді өзектендіруге тартылған мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер