Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі 2023 жылдың наурыз айында Қонаев қаласында ашылған Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсететін жаңа орталыққа барды.
Бұл мекеменің сыйымдылығы – 35 орын. Іс-шаралар құпия және ақысыз өтеді, бұл әйелдер мен балалардың барынша қорғалуына мүмкіндік береді.
Әйелдер орталықта 24 сағаттан 6 айға дейін бола алады.
Жаңа мекемеде психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік кеңес беруді қоса алғанда, 8 түрін қамтитын арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі ұсынылады.
Орталықта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдардың стационарлық әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне барлық жағдай жасалған.