Халықтың табыс көзін арттыруға мүмкіндік беретін «Бастау Бизнес» жобасы Алматы облысында табысты жүзеге асуда.
Әлеуметтік осал топ өкілдеріне, оның ішінде, атаулы әлеуметтік көмек және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алып отырғандарға, көпбалалы отбасыларға, облысқа көшіп келгендерге, қандастарға, еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жандарға бағытталған бұл гарнттарды тек бір рет алуға болады.
Бүгінгі күні Алматы облысында кәсіппен айналысамын деген 42 азамат бизнес идеясын жүзеге асыру үшін грант алып үлгерген.
Айта кетейік, қазіргі кезге дейін өңірде 3857 адам тегін оқыту курстарына жіберіліп, оның 2844-і оқуын аяқтаған. Жалпы биыл 1660 адамға 400 АЕК көлемінде грант берілмек.