Алматыдағы Розыбакиев пен Қожанов көшелерінің қиылысында жас жігіттер арасында төбелес болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қалалық полиция түн ортасында төбелес шығарған бір топ адамды ұстады. Басқарманың айтуынша, оқиға 28 сәуірге қараған түні болған. Жігіттердің барлығы Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.