Қазақстан Ауғанстанның Герат қаласында сауда үйін ашады

2218
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Кабулға жұмыс сапары барысында Герат қаласында Қазақстанның жаңа сауда үйі ашылатынын мәлімдеді. Жақын арада ол өз жұмысын бастайды», - деді ол.

Былтыр Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда айналымы 1 млрд долларға жеткен.

БҰҰ дерегінше, Ауғанстан халқының саны - шамамен 40 млн. Бұл - ірі әрі перспективалы нарық.

Пікірлер