Қазақстанда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқартылсын", - делінген жарияланған құжатта. Бұрынғы министрліктің функциялары Қазақстанның Қоғамдық даму министрлігіне тапсырылады. Осылайша, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық дамуы министрлігі пайда болдаы. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің барлық өкілеті осы министрлікке тапсырылады.