Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионы атанды

5350
Adyrna.kz Telegram

Еркін күрестен 79 келіге дейінгі салмақта күресетін Болат Сақаев өзбекстандық Бекзод Абдурахмоновты ұтып, Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Есеп 7:4.

Айта кетейік, Сақаевтың қарсыласы Токио Олимпиадасында қола жүлде (74 кг) жеңіп алған тəжірибелі палуан. Бұл біздің құраманың Астанада өтіп жатқан құрлық бəсекесіндегі 5 - алтын жүлдесі.

Бұған дейін Санжар Досжанов, Жәмилə Бақбергенова, Эльмира Сыздықова мен Ибрагим Магомадов алтын медаль жеңіп алған.

Пікірлер