«Ештеңе атқарып жатқан жоқ». ШҚО әкімі Риддер жылу электр орталығының жаңа иелері туралы айтты

2044
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов баспасөз мәслихатында Риддер жылу электр орталығының жаңа иелері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, ЖЭО-ның жаңа басшылары ешқандай жұмыс атқарып жоқ.

«Риддер жылу электр орталығы бойынша бірқатар сауал қойылды. Бір өкініштісі, орталықтың жаңа иелері жалақы бойынша 3,3 миллиард қарызды өтеу, жөндеу, жаңарту жұмыстарына қатысты ештеңе жасамады. Қазіргі таңда станция біздің жеке басқаруымызда және заңға сәйкес жұмыс жалғасып жатыр. ЖЭО-ны коммуналдық меншікке беру алгоритмін жүзеге асырамыз»,– деді ол.

Айта кетейік, 24 қаңтарда облыс әкімі Риддер ЖЭО-ға жаңа басшы келгенін айтқан еді.

Пікірлер