Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды», - делінген хабарламада.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір аралығында Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.
"Адырна" ұлттық порталы