Сыр елінде ғасыр жасаған майдангер сайлауда алғашқы болып дауыс берді

1818
Adyrna.kz Telegram

Ұлы Отан соғысының ардагері, 100 жастан асқан қария Яхия Тасыров алғашқы болып сайлау учаскесінде дауыс берді. 

Сырдариялық соғыс ардагері бірлікті ту етіп, келешекті елдің дамуына негіз болатын саяси науқанға әрбір азаматтың бей-жай қарамау қажеттігін айтты.


Қазыналы қария өз таңдауын жасағаннан кейін ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Сырдарияда 20 мыңнан аса сайлаушы тіркелген. Ал, өңірде 373 сайлау учаскесі және 486 002 сайлаушы бар.

 

Пікірлер