Түркі тілдес халықтардың ішінде тілі жағынан ҚАЗАҚҚА өте жақын - қырғыздар мен өзбектер...
Өзіндік дербес саясаты бар ӨЗБЕКСТАН қазір Орта Азиядағы мықты мемлекеттің бірі екендігін шет елдік БАҚ- тарда жазып жүр.
Біріншіден- шет елге қарызы өте аз.
Екіншіден- өзінің жақсы өнеркәсібі бар .
Үшіншіден- шет елдік инвесторларға тоналмаған.
Төртіншіден- мемлекеттік идеалогиясы мен мемлекеттік тілі сақталған.
Бесіншіден- мықты қарулы күші бар.
Алтыншыдан- жері ешкімге сатылмаған!!!
Ұлттық дəстүрін, тілін жақсы сақтап қалған өзбектердің өзіндік қиындықтар да бар!!! Бірақ, ол қиындықтардың жемісін болашаққа барар жастар жейді ,- деді өзбек экономикалық сараптаушысы...
Көптеген посткеңестік мемлекеттер жер асты байлығын сатып, күн көріп отыр ....Мұнай- тезек болып қалса, олар без теріп кетеді,- деді. Расында....Ойланарлық жəйт екен !!!
P.S.
Мұнаймен күн көріп отырған мемлекеттің болашағы- бұлыңғыр....Себебі, ол жерде технология дамымайды, адамдар жатыпішерге айналады,- дегені, бізге ескерту сияқты...Бірақ, кім біледі?!!!
Советқазы Нұрсилә
"Адырна" ұлттық порталы