Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының экс-төрағасы Алтынбек Мадемаров 3 жылға сотталды. Ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алған.
Мадемаров өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.