Жер сілкінісін болжайтын қазақтың Сейсмология институты қаржыға мұқтаж

3577
Adyrna.kz Telegram
Ғылыми журналист, күрделі тақырыптарға бойлайтын сараптамашы Дина Имамбай Қазақ еліндегі жер сілкінісін болжайтын Сейсмология институтының жағдайын ашып жазды. Оның айтуынша, жер сілкінісінен сақтандыратын мекеменің мамандары қаржылай қолдауға мұқтаж, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы. 
- Алматыдағы Сейсмология институты қазір Төтенше жағдайлар министрлігіне қарайды.
Жер сілкінісі қауіпті аймақтарда институттың 5 биополигоны бар. Совет өкіметі кезінде ашылған. Іле, Шелек, Шығыс Қазақстан, тб.
Институт геофизикалық, геодезиялық, геохимиялық, тб. зерттеулер, мониторинг жасап отырады.
Институтта жер сілкінісін болжау жөніндегі комиссия, зертхана бар, болжамдар сол жерге келіп түседі.
Алматыдағы биостанцияда ғалымдар арнайы приборлармен де, жануарлардың, иттердің мінез-құлқына қарап та болжам жасайды.
Ең сезімтал жәндік - жыландар.
Бірақ жер сілкінісін толық болжау мүмкін емес.
Ең жақсы құрал-жабдықтар Жапонияда.
Орталық Азия бойынша сейсмология Қазақстанда жақсы дамыған деп есептеледі.
Осы салаға қазақтілді жастарды тарту қажет.
Сейсмологтар да қазір ғылымды қаржыландыру жүйесіне тәуелді. Әйтеуір жоқтан бар жасап отырған сияқты. Кинологтар тіпті иттерге кейде тамақты өзіміз сатып әпереміз дейді, - деп түйіндеді автор.
Қазіргі уақытта институт құрамында сейсмологияның негізгі мәселелері бойынша іргелі зерттеулер жүргізетін 6 ғылыми лаборатория және физмкалық процестер мен табиғат құбылыстарының мониторингін жүзеге асыратын сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік экспедиция жұмыс істейді.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер