ҚР Сот әкімшілігіне жаңа басшы келді

2082
Adyrna.kz Telegram

Наиль Ахметзакиров ҚР Сот әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Наиль Рафисович Ахметзакиров Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Наиль Ахметзакиров ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы қызметін атқарған.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер