"Жойылды": Сынға қалған Ұлытау облысының елтаңбасы бекітілмейтін болды

2623
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде халықтың қатаң сынына ұшыраған Ұлытау облысының елтаңбасы бекітілмейтін болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Облыс Төлтаңбасы мәселесі әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Осыған байланысты конкурс қорытындыларын және сәйкесінше конкурстық комиссияның нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды", - делінген ресми хабарламада. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер