Әлихан Смайылов "Самұрық-Қазына" ұлттық қоры директорлар кеңесінің төрағасы болды

3299
Adyrna.kz Telegram

Әлихан Смайылов "Самұрық-Қазына" ұлттық қоры директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып ҚР Премьер-министрі Смайылов Әлихан Асханұлы сайланды. Бұл лауазымды бұрын Джон Дудас атқарған. Ол Қордың тәуелсіз директоры ретінде директорлар Кеңесінде қалады",- делінген ресми хабаралмада.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер