Әлеуметтік желіде атпен 5-қабатқа көтерілген ер адамның бейнежазбасы тарады. Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 51 жастағы Шашубай кентінің тұрғынын анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына сәйкес, хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
«Ер адамға құқық бұзушылық әрекеті үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады»,—деп түсіндірді ведомство.
<