«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылығына іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы облысы Қарасай ауданы Криминалдық полиция басқармасы хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
Келесі адамдар іздеуге жарияланды:
- Данияр Әпдіғапаров 1982 жылы туған. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған.
- Жұмадин Патов, 1982 жылы туған. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланды.
- Қанат Жақаев, 1984 жылы туған, Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған.
- Айдос Нұрқалиев, 1986 жылы туған, Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған.
«Қазіргі уақытта жоғарыда аталған адамдарды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижелері кейінірек хабарланады»,- делінген хабарламада.
"Адырна" ұлттық порталы