Екібастұзда 142 нысан тағы да жылусыз қалды

2967
Adyrna.kz Telegram
Фото: mobillegends
Фото: mobillegends

Екібастұзда Орамішілік жылу желісіндегі жұмыстарға байланысты бірнеше тұрғын үй жылудан ажыратылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Компаниядағылар бүгін сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін 20 көпқабатты, 106 жеке тұрғын үй, 14 заңды тұлға және 2 әлеуметтік нысан жылу беруден ажыратылғанын айтты.

Жалпы, қалада жылу бірінші рет өшіп жатқан жоқ. Жылу желілеріндегі апаттан кейін былтыр 28 қараша мен 8 желтоқсан аралығында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Ол кезде екібастұздық 13 мыңнан аса тұрғынның үйлері жылу, ыстық су, кәріз жүйесінен ажыратылды”, делінген хабарламада.

Пікірлер