Ақтауда үш бозбала оқушы қызды алып қашты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Жасөспірімнің анасының арызы бойынша Ақтау қаласы Полиция бақсқармасы ағымдағы жылдың 6 қаңтарында кәмелетке толмаған адамды бас бостандығынан айыру фактісі бойынша тергеуді бастаған.
«Тергеу нәтижелері бойынша іс қандай да бір қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Кәмелетке толмаған қыздың жауаптарына сай бұл істі сыныптасы әрі жігіті ұйымдастырған. Айтуынша, бұған дейін жігіт қызға одан әрі үйлену үшін ұрлау ниеті туралы бірнеше рет хабарлаған. Сондай-ақ қыз өз жауабында сыныптасы және оның достары тарапынан зорлық-зомбылық немесе қоқан-лоққы көрсетілмегендігін атап айтты»,–деп түсіндірді ведомство.
Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.