Ауа райы: Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

2118
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынды және құбылмалы ауа райы күтілуде. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ және бұрқасын болып, жел күшейеді деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы: Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды
Көренкі фото: Спутник Қазақстан

Алматы, Жамбыл облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасындатып, көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-23 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей бөліктерінде тұман түседі. Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Үш облыста дабылды ескерту жарияланды

16-17 қаңтарда Маңғыстау облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

16 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, түнде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

16-18 қаңтарда Қызылорда облысында тұман түседі, 16 қаңтарда кей жерлерде көктайғақ болады.

Пікірлер