Тастағы суреттер құрылыс материалы ретінде қолданылып жатыр – дизайнер

4917
Adyrna.kz Telegram

Бабаларымыз қалдырған тастағы суреттер құрылыс материалы ретінде қолданылып жатыр. Бұл туралы сәулетші, дизайнер Елзат Мұқаш айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Тарихымызбен, ата-бабамызбен мақтанамыз. Бірақ іс-жүзінде не болып жатқанын білесіздер ме? Талдықорған қаласының жанындағы Арқарлы деген жерде неше түрлі тастағы суреттер бар. Сол қазір құрылыс материалына қолданылып жатыр. Яғни, тастарды үгітіп жатыр. Дәл осы құндылық бізде емес, шетелдіктерде болса, аялап, сақтап қалушы еді. Ал біз қадірлемейміз. Басқа тас аздай, бұл жерді майдалап, жай тас етіп сатып жатыр. Қалай ішің күймейді? Әттең..»—деді ол.

<

Пікірлер