Асат Нұрпейісов ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Мемлекет басшысының өкімімен Асат Болатұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Асат Нұрпейісов бұған дейін Алматы әкімі аппаратын басшысы қызметін атқарған болатын.
"Адырна" ұлттық порталы