Мемлекет басшысы белгілі ақын, мәдениет қайраткері Серікзат Дүйсенғазыға ұлы Әлиханның мезгілсіз дүниеден өтуіне орай көңіл айту жеделхатын жолдады
«Отбасыңызға зор ауыртпашылық әкелген қаралы хабар бәрімізге ауыр тиді. Ұлыңыз Әлиханның мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.
Ата-ана үшін перзентін жоғалтудан асқан қасірет жоқ. Мұндай өзекті өртейтін жағдайда сабыр сақтап, бекем болыңыз.
Ұлыңыздың жаны жәннатта, иманы саламат болсын! Шаңырағыңызға тек жақсылық тілеймін!»,- деді Президент.