Түркі кеңесінің мүшелері қарама-қайшылықта болмауы керек- Халил Ақынжы

3063
Adyrna.kz Telegram

Орталық Азия медиафорумының екінші күні «Халықаралық ұйымдар – ынтымақтастық көпірі» панельдік сессиясынан басталды. Онда түркі мемлекеттері ұйымының бірінші Бас хатшысы Халил Ақынжы сөз сөйледі. Ол елдерді халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.

«Түркі кеңесінің мүшелері қарама-қайшылықта болмауы керек, бірақ бір-бірімен ынтымақтасуы керек. Түркі елдері Еуропадан Азияға дейін орналасқан, онда біздің көршілеріміз бар, біз олармен ынтымақтастықта болуымыз керек. Біз сондай-ақ ішкі қақтығыстарды шешуде рөл атқаруымыз керек. Біздің экономикамыз күрделі. Тек ынтымақтастық арқылы шешілуі керек мәселелер бар. Мысалы, су тапшылығы. Тағы бір маңызды мәселе – қауіпсіз аймақтық көршілік. Біздің көршіміз Ауғанстан, егер онда бірдеңе болса, бұл бізге тікелей әсер етеді. Бізде олармен Тарихи қауымдастық бар. Біз осы өңірде қауіпсіздік пен тұрақтылықты орнатуға үлес қосуымыз керек», - деді спикер. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Орталық Азия медиа форумының екінші күні. Іс-шараны ұйымдастырушы-Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. 

 

Пікірлер