Абай облысының білім басқармасы оқушылар суицидін жоққа шығарды

3158
Adyrna.kz Telegram
Абай облысындағы қос 9-cынып оқушысының өз өзіне суицид жасамақ болған әрекетіне Абай облысының білім басқармасы пікір білдірді. Олардың айтуынша, аман қалған бала өз өзіне қол жұмсауға әрекеттенбеген. Қорада жасырынып, тәтті жеп отырған. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.

Желтоқсан айының ортасында Абай облысы Жарма ауданына қарасты Үшбиік ауылында 9-сыныптың екі оқушысы үлкен балалар қорлағаны үшін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тараты. Олардың біреуі қайтыс болып, екіншісі аман қалды. Бұл жағдайға төбелес себеп болған, деп мәлімдеді "Еуразия" бірінші арнасы.

Сыныптастарының айтуынша, 11-сынып оқушылары жасөспірімдерді бірнеше рет ұрып, психологиялық қысым көрсеткен.

Абай облысының полиция департаменті, Жарма полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі ("Өзін-өзі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауы салдарынан мектеп директоры мен сынып жетекшісі қызметінен айырылды.

Желтоқсанның 19-ы күні облыстық білім басқармасы жасөспірімдердің бұзақылық салдарынан өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Сондай-ақ қызметкнрлер марқұмның бір күн бұрын төбелеске қатыспағанын да айтты.

Олардың айтуынша, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген екінші бала жай ғана сабақтан қашып кеткен.

Ол қорада отырған, сабаққа келмеген соң сынып жетекшісі оны іздей бастаған. Сынып жетекшісі бірден оның үйіне жүгірді. Ал ата-анасы да оны іздеп, қораға кіргенде ол сол жерде оқушы Choco Pie жеп отырған, - деді Абай облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Әсем Нүскенова.

Қазір бұл оқиғабойынша өзге ақпарат әлі жарияланған жоқ. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер