Қазақстанда азық-түлік бағасы 21,3% қымбаттаған

2843
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасы жыл басынан бері 21,3% өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалар 0,2%-ға, жыл басынан бері есептесек, 21,9%-ға өскен. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады.

Статистика жүргізген мамандардың дерегіне қарағанда азық-түлік жылға шаққанда, 21,3%-ға қымбаттады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 9,9 пайызға жоғары.

Нақты айтар болсақ:

  • пияз – 1,8%;
  • жұмыртқа, І санат – 1,2% қымбаттады.

Қазіргі уақытта Қазақ елінің аумағында әлеуметтік маңызға ие кейбір тауарлардың орташа бағасы мынандай:

  • қарақұмық жармасы – 517 тг/кг;
  • картоп – 153 тг/кг;
  • қырыққабат – 98 тг/кг

Өткен апта ішінде арзандаған азық-түліктер:

  • қант – 1,4%;
  • қарақұмық жармасы – 0,5%.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер