"Екібастұздың әкімін халық сайламаған, ол халықтың сөзін сөйлемейді" - Нұрқанат Қайрат

3366
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі, Екібастұз қаласына арнайы барып, тұрғындарға жәрдемдесіп жүрген азамат Нұрқанат Қайраттың қала әкімінің ұстанымына қатысты пікір білдірген видеосы тарады. Видеода Нұрқанат Қайрат әкімнің сөзін баяндап, оның халықтың емес, қара басын күйттегенін батыл айтады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 

- Бүгінгі  тақырып Екібастұздың әкімі туралы болады. Мен  әкімнің сыртынан сөйлемей, алдымен өзімен жолығайын дедім. Көпшіліктің көзінше сұрақ қойдым. Халықтың Клебановқа наразы екенін айтып: "Кешірім сұрай ма, шығындарды өтеп бере ме?" - деп едім, басын ала қашты. Халыққа өздерің шақырыңдар деді. Барлық жауапкершілікті халыққа ысырды. Негізі, әкім ретінде осы кісі халықтың сөзін сөйлеп шығуы керек еді. Бірақ олай болмады, себебін түсіндіремін... - деді Нұрқанат Қайрат.

Қазақ ақпарат кеңістігінде тараған бейнепікірге қатысты өз көзқарасын танытып жатқандар көп. Олардың көпшілігі әкімді халық сайлауы тиіп деп санайды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер