Түрксой мен Түрікменстан арасындағы байланыс артады

2912
Adyrna.kz Telegram

Түрікменстан билігі ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының жобаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Түркі мәдениеті ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесіп, екі арадағы байланыс жайын пысықтады.

Бас хатшы Сұлтан Раев «биылғы жыл ТҮРКСОЙ үшін мәдени серпіліс жылы болды. Себебі ұйымға Өзбекстан толыққанды мүшелікке өтті» деді. С.Раевтың айтуынша бұл өзбек билігімен жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың жемісі. Сердар Бердімұхамедов те түркі дүниесінің мәдени интеграциялық процесіне белсенді түрде қатысуға дайын екенін жеткізді.

Айта кету керек, 2024 жыл Түрікменстан үшін айтулы жыл болмақ. ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің шешімімен 2024 жыл түркі әлемінде атақты философ Махтумкули Фраги жылы боп жарияланып, ал Аннау қаласы түркі дүниесінің мәдени астанасы атанды.

Пікірлер