Жеті қазынаның бірі – Зияткерлік ұстаздың қолында

3750
Adyrna.kz Telegram

Алмас Жексенбаев Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің домбыра үйірмесінің жетекшісі Астана қаласында өткен Республикалық "Жеті қазына" жобасына қатысып 3-орынды иеленді.

Алмас Жексенбаев «Жерұйық» тобы құрамында көрермендерге халық әндерінен попурри орындады. Олар қазақтың дәстүрлі ән өнері өкілдерінің танымал әндерін бес дауыста қосыла шырқап, көпшілкті саф өнердің тұнығымен сусындатты.

Атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнерімізді, ән, жыр-термелерді, күйлерді, ұлттық құндылықтарымызды одан әрі дамытып, қазіргі заман талабына сәйкес жаңашаландырып келеміз. Басты мақсат – дәстүрімізді өскелең ұрпаққа насихаттау, - дейді жас әнші, домбырашы Алмас Жексенбаев.

Зияткерлік мектебінің домбыра үйірмесінің жетекшісі өзінің жетікстігімен оқушыларға қазақ халқының дәстүрін насихаттап ғана қоймай отансүйгіштікке тәрбиелеуде. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаз қолында» - деп атап айтқан.

Бүгінгі таңда Алмас Жексенбаев халықаралық, республикалық байқауларына қатысып, бірнеше рет бас жүлдегер атанған.  Оның ішінде Республикалық "Бозторғай","Жасұлан", "Жас қанат", " Жырлайды жүрек" байқаулары, Санк-Петербургте өткен "Military songs" халықаралық фестивалінде 1 орын.

 

 

 

Пікірлер