Қазақстан үшін келесі жылдан бастап шетелге ұшу арзандайды

2412
Adyrna.kz Telegram
Фото: nur.kz
Фото: nur.kz

Келесі жылдан бастап қазақстандықтарға шетелге баратын ұшақ билеттері арзандайды. Бұл туралы индустрия министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жауапты ведомство шетелдік лоукостерлерді тарту арқылы билет бағасын төмендетуді жоспарлап отыр.

Қазір министрлік ірі шетелдік лоукостерлермен келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ нақты қайсы екенін министр Өскенбаев жасырып қалды. Яғни шетелге қатынайтын үлкен ұшақтар Қазақстан жерінде аялдап, жолаушыларды алып кетеді.

Ондай билет арзан болады дейді жауаптылар. Отандастардың Түркия мен Еуропаның кейбір елдеріне қиналмай  ұшуы көп күттірмей, келесі жылы басталмақ.

Пікірлер