Жанболат Мамайдың ісі сотқа жіберілді

2179
Adyrna.kz Telegram

Тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамайдың ісі сотқа жіберілді. Бұл жөнінде белсендінің әйелі Инга Иманбай айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгін Жанболат Мамай мен адвокаттарына айыптау актісі беріліп, оның ісі Бостандық аудандық сотына Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша жіберілді. Жанболат өзіне тағылған айыптың ешқайсын мойындамайды, өзіне қатысты істің барлығын саяси жала деп бағалайды»,—деді ол.

Айта кетейік, Жанболат Мамай 26 ақпаннан бері абақтыда отыр.

Пікірлер