АҚШ жуық арада Украинаға көмек көрсетуді сиретуі мүмкін, алайда бұл Еуропа үшін үлкен проблемаға айналады. Мұндай болжамды қытайдың Global Times басылымы жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"АҚШ-тың арандатуымен болған Украина дағдарысы Еуропа елдерінің тынысын тарылтты. Еуропа аймағындағы инфляция бұрын-cоңды болмаған деңгейге құлдырады, энергетикалық дағдарыс тереңдеді", - деп жазды басылым. Оның үстіне, автордың пайымдауынша, қарашада өтетін АҚШ-тағы сайлау Еуроодаққа еселенген соққы жасайды. Бұған қатысты: "Еуропаның ''көрер қызығы" әлі алда", - деп жазды басылым.
АҚШ Украинаны әскери жабдықтармен және қаржылай қолдап отыр. Бұған дейін Ақ үйдің Киевке жалпы сомасы 275 миллион долларды құрайтын жаңа пакет жолдайтыны хабарланған еді.
"Адырна" ұлттық порталы