Маңғыстау облысына қарасты Приморский және Приозерный ауылдарының атауы өзгереді

3274
Adyrna.kz Telegram
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Маңғыстау облысына қарасты Приморский және Приозерный ауылдарының атауы өзгереді. Бұл туралы Өмірзақ ауылдық округінің әкімі Жетібай Құбашев тоқсандық есеп беруінде тұрғындарға мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жетібай Құбашевтің сөзінше, Приморский елді мекенін «Ақжелкен», Приозерный ауылын «Оймашы» деп өзгерту туралы шешім қабылданған. Сонымен бірге, Приморский тұрғын алабы көшелерінің атауларын өзгерту, Рауан ауылының нөмірленген көшелеріне атаулар беру де қарастырылып отыр.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер