Отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған айтыс өтіп жатыр

637
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте «Қаратау» өнер мектебінде жас айтыскер ақындар арасында «Отбасы – тәрбие бастауы» атты отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған айтыс өтіп жатыр. Ұлттық өнеріміздің дамуына қолдау көрсеткен – Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мулкеманов.

Өнер додасына Аллажар Бекмұратұлы, Мейіржан Жақып, Расул Баянбай, Бекарыс Рахматуллаев, Даниял Болысбек, Елсия Құлақмет, Сұлтан Сәуірхан, Нұрғали Әнәпия атты жас ақындар және қаламыздағы білім ордаларының дарынды оқушылары қатысты.
–Бүгін жас ақындардың арасында үлкен дода болып жатыр. Жастардың арасында айтыс ұйымдастырып, ұлттық өнерімізді ұлықтау және отбасы құндылықтарын сақтау мақсатында осындай іс-шаралардың өтуіне ұйытқы болып отырмыз. Додаға түсіп жатқан жастарға сәттілік тілеймін,-деді Қаратау ауданының әкімі.
Өнер додасында ақындар ұлттық тәлім-тәрбие, отбасындағы ынтымақ, ата-ананың қадіріне жету, бала тәрбиесін дәріптеуде.

Пікірлер