Тоғыста 200 орындық медицина орталығы ашылады

940
Adyrna.kz Telegram

Тоғыс елдімекенінде 15 000-нан астам халыққа қызмет көрсететін «Togus-med медицина орталығы» - жеке инвестиция есебінен ашылуда.

Нәтижесінде медициналық қызметпен қамтылатын елдімекендер - Тоғыз, Елтай, Жыланбузған, Маятас, Айнатас.

Орталықтың бір ауысымдағы сиымдылығы - 200 адам.

Мұнда бастапқы әлеуметтік-медициналық көмекпен бірге, (ересектер мен балаларға)

ЖТД, педиатрия, акушер-гинекология, хирургия, травматология, кардиология, эндокринология, онкология, урология, гастроэнтерология, ЛОР, офтальмология, стоматология, ревматология, профпатология, неврология, дерматовенерология;
- Медициналық реабилитация және физиотерапия, емдік физкультура, массаж;
- Диагностикалық қызметтер: Рентген, флюрография, УЗИ, ЭКГ, ЭЭГ, Холтер, Спирография, Лаборотория;
- Күндізгі стационар болады.

Рентген, флюрография, УЗИ, ЭКГ, ЭЭГ, холтер, спирограф тағы да басқа заманауи аппараттармен жабдықталады.

Жаңа емханда ашылғанда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігі жақсарып, пациенттер уақтылы, толық және сапалы тексеру және амбулаториялық немесе күндізгі стационар жағдайында ем қабылдайтын болады.

"Медициналық орталық бұл елдімекендерге жақын орналасқан. Қалаға әуре болмай-ақ қызметтің басым бөлігін осында алуға болады.
Бұл өз кезегінде халыққа сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырады"-деді шаhар басшысы.

 

Пікірлер